Қытайлар жаназаға да жиналмайды
«Бейжің билігі коронавирусқа байланысты 2.02.2020 күні белгіленген қоштасу рәсімдері мен неке қиюға уақытша тыйым салды», – деп хабарлады Қытай жаңалықтар агенттігі.
Алматы, NEGE. Қоштасу рәсімдерін уақытша тоқтату туралы шешімді Бейжің азаматтық әкімшілігінің басшысы Ли Ванюн баспасөз мәслихатында жария етті.
Қазір Бейжіңде 12 жерлеу мекемесі бар, олар қоштасу рәсімдерін өткізуді уақытша тоқтатты. Себебі, әр қоштасу рәсіміне кемі ондаған адам жиналып, вирустың өршуіне қарсы күрестің нәтижелі болуына ықпал етпейтін көрінеді.
«2 ақпан қытай ұлты үшін неке қиюдың ең танымал күні боп есептеледі. Өйткені, қытай тілінде бұл цифрлар «мен сені сүйемін, сені сүйемін» деген иероглифке сәйкес келетін мұндай сәйкестік мың жылда бір рет қайталанады. Қала басшылығының мақұлдауымен қаладағы неке тіркеуді жүзеге асыратын барлық агенттіктер 2.02.2020 күні жоспарланған тіркеу жұмыстарынан бас тартты», – делінген қала әкімдігінің сайтындағы хабарламада.