Қытайлар Марсқа жетті
Алғашқы қытайлық «Чжужун» марсоходы қону алаңынан Марс бетіне шықты. Бұл туралы сенбіде Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы мәлім етті.
Алматы, NEGE. «Чжужун» марсоходы қону алаңынан Марс бетіне шықты», - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, 15 мамырда «Тяньвэнь -1» қытайлық аппараты Марстың бетіне қонып, планетаға марсоходты жеткізген болатын.
Марсоход топырақты, ионосфераны және климатты зерттеумен айналысып, планетада 92 күн жұмыс істейді.
«Чжужун» марсоходының биіктігі 1,85 метрге жетеді және салмағы 240 келі.