Қытайлар ит пен мысық жемейтін болды
Reuter агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Шэньчжен қаласының басшылығы 1 мамырдан бастап ит пен мысықтың етін жеуге тыйым салмақ.
Алматы, NEGE. «Ит пен мысық – дамыған мемлекеттерде адамға жақын жануар саналады. Сондықтан да оларды жеу дұрыс емес» депті қала билігінің мәлімдемесінде.
Кейбір деректерге қарағанда, қытайлар жылына 10 млн ит пен 4 млн мысық жейді екен.