Қытайдың жолаушысы жоқ пойызы Ресейге келді

Бірде-бір жолаушысы жоқ Пекин-Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызы орыс-қытай шекарасын Забайкалье бекетінен кесіп өтті.

Алматы, NEGE. Поезд қызметкерлері темір жол бойында орналасқан карантин аумағында медициналық тексеруден өткізіліп, коронавирус белгілері болмағаннан кейін жүрісін жалғастырған.

«Ресей темір жолдары» қызметі 3 ақпаннан бастап Қытаймен екі арадағы темір жол қатынасын тоқтатты. Дереккөздердің айтуынша, орыстың шекара қызметі Пекиннен шыққан жолаушыларды қытайдың арғы жақ бетінде түсіріп тастаған.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды