Қытайдың вакцинасын сынақтан өткізіп жатыр

Өзбекстан коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр.

Алматы, NEGE. Өзбекстанда коронавируске қарсы қытайлық вакцина сынағының үшінші кезеңі қызу жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін дәрігерлер «Zhifei» компаниясы өндірген препаратты 300-ге жуық адамға салып үлгерген. Елена Акрамжанова секілді тағы да 300-ге жуық еріктіге қытайлық вакцинаның алғашқы дозасы салынды. Клиникалық сынаққа бас-аяғы 5 мың азамат қатысып отыр. Вакцинаның өзін 2,5 мың адамға ексе, қалғандарына плацебо, яғни зияны да, емдік қасиеті де жоқ препарат салмақ. Осылайша вакцинаның тиімділігі сыналады.

Ерікті Елена Акрамжанова: "Вакцинация алдында бойымды еш үрей билеген жоқ. Өйткені бұл клиникалық сынақтың үшінші кезеңі. Демек, препараттың қауіпсіздігі бұған дейін дәлелденіп қойған. Енді оның тиімділігі сыналады. Сол себепті мен ғылыми сынаққа қатысуға өз еркіммен ниет таныттым", - дейді.

Қан қысымы жоғары, онкологиялық, созылмалы һәм қан аурулары және иммун тапшылығы бар адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдерге вакцина салынбайды. Коронавируспен ауырып шыққандар да клиникалық сынаққа қатыса алмайды екен.

Вакцина салынғаннан кейін ерікті 30 минут бойы дәрігердің қарауында болады. Еріктіге вакцинаны үш ай бойы үш рет салады. Ал келер жылдың соңында сынаққа қатысқан адамнан түрлі анализдер алып, препараттың тиімділігін анықтауға тырысады. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?