Қытайдың көлік компаниялары бетперде шығарды

Қытайда көлік шығарушы компаниялардың 75 пайызы қауіпті індетпен күреске өз үлесін қосып, бетперде шығара бастады.

Алматы, NEGE. Гуанчжоу көлік қауымдастығы оның деңгейін ақпан айының соңына дейін 1 миллион данаға жеткізуді көздеп отыр. Қытай жолаушылар көлігі бірлестігінің мәліметінше, коронавирустан аспан асты елінде көлік сатылымы ақпан айының алғашқы 2 аптасында 92 пайызға азайған. Осы уақыт аралығында күн сайын тек 811 көлік сатылған. Қауымдастық басшысы мұндай жағдайды індетке байланысты тұрғындардың көшеге көп шықпауымен түсіндіріп отыр.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр