Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цземин қайтыс болды

Қытайдың партия және мемлекет қайраткері, 1989-2002 жылдар аралығында Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) орталық комитетінің бас хатшысы, 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы болған Цзян Цзэминь 96 жасында дүниеден өтті.

Алматы, NEGE. Цзян Цзэминнің өлімі туралы Қытай мемлекеттік телеарнасы хабарлады.

1993 жылы Қытай президенті болғаннан кейін Цзян Цзэминь Дэн Сяопиннің реформаларын жалғастырып, Қытай экономикасын әлемде жетінші орынға шығарды.

Бұған дейін ақпарат құралдары Цзян Цзэминнің денсаулығындағы ауыр сырқатқа байланысты ҚКП-ның 100 жылдығын тойлау мен 16-22 қазан аралығында өтетін ҚКП-ның 20-шы съезіне қатыспағанын хабарлаған болатын.