Қытайдың белгісіз дертінен әзірге аманбыз
Нұр-Сұлтан әуежайында Қытайдан келіп жатқан жолаушыларды дене қызуын анықтайтын аппаратпен тексеріп қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, елімізде әзірге қытайлық коронавирус дерті тіркелмеген.
Астана, NEGE. Аптасына астана әуежайына Қытайдан 10 рейс келіп қонады. Алматыға 18 рейс. Жыл басынан бері елімізге Қытайдан он мыңға жуық жолаушы келген. Қытайда шыққан белгісіз дерт белең алғалы еліміздің барлық әуежайлары мен теміржол және автобекеттерінде бақылау жұмыстары күшейтілген.
Отандық дәрігерлер белгісіз дертті қытайлықтардың тұтынатын асы мен ұстанған өмір тіршілігіне байланысты болуы мүмкін деп жобалап отыр. Және қазақстандықтарды уақтылы екпе жасауға және гигиеналық тазалықты дұрыс сақтауға шақыруда.