Қытайдың бас дипломаты: «АҚШ ақыл-естен алжасты»

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлескенде, АҚШ-тың ақыл-есінен алжасқаны, адамгершілік пен сенімнен шығып кеткені туралы мәлімдеген. Мәлімдеме Қытайдың СІМ-нің ресми сайтында жария болды.

Алматы, NEGE. Ван И  Вашингтонның індетті «кінәні басқаларға арту және өзгелерге өз міндеттемелерін жүктеу» үшін пайдаланып отырғанын айтқан.

 «Олар ештеңеден тайсалмайды, тіпті халықаралық қарым-қатынасты әдейі ушықтыруда, олар ақыл-естерінен алжасты, адамгершілік пен сенім дегеннен шығып кетті»,- деп мәлімдеді Ван И.

Қытай СІМ басшысы АҚШ қырғи-қабақ соғысты қайта жандандырып жатқанын, халықаралық құқықты белден басып отырғанын айтып, «Қытай өзінің заңды мүдделері мен беделін табандап қорғайтынын» ескерткен.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше мәрте Қытай мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын коронавирусқа қатысты ақпаратты жасырды және індетті тоқтатуда баяу қимылдады деп айыптаған еді.

 

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев