Қытайдан тағы қауіп келе ме?
Қытайда коронавирустық инфекция өршіп, қалаларын карантинге жауып жатыр. Біздегі жағдай тұрақты. Қытайдағы эпидахуал бізге жетіп келмей ме? Алдын алу шаралары жүріп жатыр ма?
Nege.kz сайтының сауалына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова жауап берді.
«Қытайда күн сайын коронавирус ауруы өршіп жатыр. Күніне 18 мыңнан астам адам тіркелген. Еліміздегі коронавирустық ахуал тұрақты. Бірақ, жалпы Қазақстанға басқа елдерден кіру үшін ПТР-тест міндетті түрде тапсырылады, сонымен қатар вакцинация паспорты тексеріледі», - деді Зәуре Ахметова.