Қытайдан шыққан вирус Түркияға пайда әкелуде

Қытайға саяхат жасауды жоспарлаған ресейлік туристер қазір Түркия мен Италия секілді бағыттарға ауысуда. Бұл туралы Ресейдің туроператорлары Қауымдастығы (АТОР) мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Қытайдағы вирустың етек алып кетуінен қауіптенген ресейлік туристер бұл елге алып қойған жолдамаларынан бас тартып, басқа бағыттарды таңдауда. Қазір туристер арасында Түркия, Италия, БАӘ секілді елдердегі демалыс орындарына сұраныс өсіп кеткен. Ресейлік туроператорлар қаңтардың 25-інен бастап қытайдың Хайнань аралына туристік жолдама сатуды тоқтатқан.

Түркияда демалғысы келгендердің саны өскенін Түркияның туристік агенттіктері Қауымдастығы (TÜRSAB) да қуаттауда. Қауымдастықтың директорлар кеңесінің төрағасы Толга Генджер «Анадолу» агенттігіне қыстың өзінде елдегі таушаңғысы кешендерінде орын қалмағанын айтқан. Қазіргі уақытта 2 миллион адам Түркияда демалуға тапсырыс беріп, ақшасын төлеп қойған. Түрік өкілдерінің мәліметінше, жалпы сатуға шығарылған туристік қызмет көлемінің 65 пайызы сатылып кетіпті.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті