Қытайдан гуманитарлық көмек келді

Бүгін Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook-тегі желісінде жариялады.

Алматы, NEGE. Қызылордада COVID-19 Қазақстан қоғамдық бақылауы өз жұмысын бастады. Бүгін Қытайдан келген гуманитарлық көмекті қарсы алдық. Тауарды қабылдау 2020 жылдың 14 шілдесінде сағат 12:15-те (Қызылорда уақыты бойынша) жүзеге асты. Жүк жөнелтуші құжат бойынша "СҚ-Фармация" келісімімен "Ақ Ниет" ЖШС қоймасы болды, - делінген жазбада.

Гуманитарлық тауардың тізімі: 

1. Медициналық қорғаныш комбинезоны – 1600 дана;
2. Бір реттік хирургиялық қолғаптар - 8200 дана;
3. Байланыссыз инфрақызыл термометр - 50 дана;
4. № 95 медициналық маскасы - 5400 дана;
5. Хирургиялық маскалар - 28 960 дана;
6. Медициналық қорғаныш көзілдірігі - 3700 дана;

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған