Қытайдағы жазғы Азия ойындарының уақыты шегерілді

Биылғы жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуі тиіс 2022 жылғы Жазғы Азия ойындары шегерілді, деп хабарлайды Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) сайты.

Алматы, NEGE. "Қытайдың Олимпиада комитетімен Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 2022 жылы 10-25 қыркүйек аралығына жоспарланған XIX Азия ойындарын кейінге шегерді. Ойынды өткізудің жаңа күні жақында жарияланады.

Ханчжоудағы Азия ойындарының Ұйымдастыру комитеті жаһандық проблемаларға қарамастан ойындарды өткізуге жақсы дайындалды. Алайда, жоғарыда аталған шешімді барлық мүдделі тараптар пандемия жағдайы мен ойын ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдады.

19-Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады", - делінген Азия Олимпиадалық кеңесінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды