Қытайдағы ұшақ құлаған ауданда әлі ешбір адамның мәйіті табылған жоқ

Қытайда ұшақ апаты болған ауданда әлі ешқандай жолаушының денесі табылған жоқ.

Алматы, NEGE. Қытайдағы ұшақ апаты болған ауданда әлі ешқандай жолаушының денесі табылған жоқ. Қара жәшіктер де жоқ. Құтқарушылар әуе кемесінде болған 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің құжаттары мен киімдерінің қалдықтарын ғана тапқан. Билік лайнер қатты талқандалғандықтан апаттың себебін анықтау қиынға соғуы мүмкін дейді. Еске сала кетейік, өткен дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстік батысындағы Куньмин қаласынан Гуанчжоуға бет алған "Шығыс Қытай әуе желілері" компаниясына тиесілі "Боинг 737" апатқа ұшыраған болатын. Әуе кемесі алдымен радар бетінен жоғалып кетіп, артынан құтқарушылар оның сынықтарын Тэнсянь уезіндегі таулы аймақтан тапқан. 

Құтқарушылар аман қалған адамдар болуы мүмкін деген үмітпен апат ауданын қоршап іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл Боинг-737 800 ұшағын Қытайға 2015 алып келген. Содан бері 18 мыңнан аса сағат ұшқан. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді