Қытайдағы қатерлі індет әлемге тарала бастады
Қытайдың Ухань қаласында тіркелген жаңа вирус тағы бір елден шықты. Оңтүстік Корея билігі осындай ауруға шалдыққан алғашқы адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Алматы, NEGE. Бұған дейін белгісіз пневмониядан үш адам көз жұмды. Қытай билігі екі күн ішінде беймәлім ауру түрін 139 адам жұқтырғанын, індет енді Ухань қаласынан өзге де аймақтарға тарала бастағанын мәлімдеген еді. Бейжіңде осындай екі оқиға тіркелсе, Шэньчжэн қаласында бір адам ауырған. Беймілім дертке шалдыққандардың жалпы саны 200-ден асқан, оның үшеуі көз жұмды. Оңтүстік Кореяның алдында пневмонияның белгісіз түрі Таиландан және жапониядан шщыққан еді.
Қытайдағы пневмония туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері қытайдың Ухань қаласында былтыр желтоқсанда пайда болған пневмонияның жаңа түрін коронавирус штаммы деп тапқан. Бұл вирустық пневмония індетіе әкелген. Бірақ мамандар әзірге оның қайдан пайда болғанын және қалай таралғанын біле алмай отыр. Сол себепті коронавирустың көзі, тарау жолдары мен өзгеріске ұшырау тәсілдеріне қатысты мәлімет жоқ.
Коронавирус - індет жұқтырған жасушаның цитоплазмасында көбейетін вирус түрі. Негізінен коронавирус ретінде құстарда болатын жұқпады бронхит вирустарын атайды, дегенмен бұл топқа адамда болатвн коронавирустар да жатқызылады.
ДСҰ мамандары жаңа вирустық індет жан-жануардан тарауы мүмкін деп санайды, себебі бұл ауру шыққан Ухань қаласындағы алғашқы науқастар қаладағы балық базарында істейтіндер көрінеді.