Қытайда жезөкшелер ойыншық жасамайтын болды

Қытай үкіметі 29 желтоқсаннан бастап жезөкшелікпен айналысқандарды еңбекке мәжбүрлеу шарасын тоқтатады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Алматы, NEGE. Бұған дейін полиция жезөкшелер мен олардың қызметіне жүгінгендерді екі жылға дейін тәрбиелеу орталықтары деп аталатын орындарда ұстауға  құқылы болатын.

Бұл орталыққа тоғытылғандарды балаларға арналған ойыншықтар мен үйге арналған тауарлар жасауға мәжбүрлеген. Қытайдың Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігі ұсталғандар 29 желтоқсаннан бастап үйлеріне қайтарылатыны туралы хабарлаған.

Қытайда жезөкшелік заңсыз деп танылған. Бұл үшін тәртіп сақшылары 15 күнге дейін қамауы немесе 5000 юаньға дейін (қазіргі бағаммен 272 мың теңге) айыппұл төлетуі мүмкін.  

2013 жылы Қытай ұсақ қылмыс жасағандарды «еңбек лагерьлері арқылы тәрбиелеу» жүйесінен бас тартқаны туралы хабарлаған еді.

Алайда Қытай қайта тәрбиелеу жүйесінен түбегейлі бас тартқан емес. Бірнеше халықаралық ұйымдар мен бірқатар мемлекеттер осы елдің Шыңжаң өлкесіндегі тәрбиелеу лагерьлеріндегі азаптауларды қатаң сынға алуда. Ресми Бейжің ондағылардың бәрі ерікті түрде келгенін және мұны діни экстремизммен күресудің тиімді әдісі деп санайтынын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы