Қытайда жер сілкінді

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында магнитудасы 5,5 жер сілкінісі тіркелді.

Алматы, NEGE. Ганьсу провинциясындағы жерасты дүмпуі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:38-де тіркелген. Координаттары – 38.88 с.е., 95.50 ш.б. Ең қуатты жерасты дүмпуінің магнитудасы 5,5-ке жеткен.

Ошағы 15 шақырым тереңде болған. Эпицентрі Ганьс провинциясына қарасты Дуньхуан қаласынан 150-160 шақырым жерде тіркелді. Зіңлзаладан зардап шеккендер мен зақым келген ғимараттар туралы ақпарат әзірге жарияланбады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді