Қытайда жарылыстан қаза тапқандардың саны артты

Қытайдың Хубэй провинциясында болған газ құбырының жарылысынан қаза тапқандардың саны 25-ке жетті. Бұған дейін 12 адам мерт болды деп хабарлаған. Апат орнында құтқару-іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Алматы, NEGE. Мамандар үйінділер астынан тағы аман қалған 35 адамды тапты. Қазір ауруханада жарақат алған 138 адам ем қабылдап жатыр. Науқастардың 37-сі ауыр халде.  Жарылыстың не себептен болғанын  анықтау үшін арнайы топ құрылды. Естеріңізге салайық, Хубэй провинциясының Шиянь қаласында газ құбырының жарылуынан көп қабатты тұрғын үйдің тас талқаны шықты. Жарылыс болған жерден 900 адам эвакуацияланды. 90-жылдары салынған ғимаратта дәріхана, мейрамхана, сауда дүкендері  мен басқа да кеңселер орналасқан екен.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады