Қытайда жәндіктер жасушасынан жасалған вакцина сынақтан өткізілмек
Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаның түр-түрін жасап шығаруда.
Алматы, NEGE. Жақын арада жәндіктер жасушаларын қолдана отырып жасалған COVID-19 вакцинасы адамға салынып, сынақтан өткізіледі, деп хабарлады Xinhua агенттігі. Препаратты Сычуань университетіне қарасты Батыс Қытай ауруханасы жасап шығарған.
Аурухана зерттеушілерінің айтуынша, жәндіктердің жасушаларынан жасалған коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет адам арқылы сынақтан өткізілмек.