Қытайда вирустан қорғану үшін ингаляциялық вакцина қабылдайды

Қытайда коронавирустан қорғану үшін ингаляциялық вакцина қабылдап жатыр.

Алматы, NEGE. Қытай тұрғындары енді коронавирустан қорғану үшін екпе салдырмай-ақ ингаляциялық вакцина қабылдай алады. Бұл – дем арқылы әсер ететін әлемдегі ең алғашқы препарат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол дәрі егуден қорқатын адамдар үшін жақсы мүмкіндік. Оның үстіне аз уақытты алады. Бар болғаны 20 секунд қана қажет. Әзірге препарат тек Шанхай тұрғындары үшін ғана қолжетімді. Айта кеткен жөн, бұған дейін Ресейде мұрынға себетін вакцина жасап шығарылған. Бұл «Спутник Ви» екпесінің бір түрі. Бүгінде оны Мәскеу тұрғындары қабылдай алады.  

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті