Қытайда вирус жайламаған жер қалмады: індет Тибетке жетті.

Қытай билігі Уханьннан тараған тәжвирусы індетінің Тибетке жеткенін хабарлады. Бұған дейін Тибет Қытайдың вирус жайламаған жалғыз өңірі еді.

Алматы, NEGE. Індеттің Тибетке жеткені вирустың қаншалықты тез таралатынын байқатады. Өйткені бұған дейін Тибет әкімшілігі саяхатшыларды тексеруді күшейтіп, Тибетке кіруге көптеген шектеу қойған еді.

Қытайда тәжвирусын жұқтырғандардың саны ресми дерекке сенсек, 6 мың адамға таяп қалған. Кемінде 132 адам аурудан көз жұмған. Қазір Қытайда 60 миллионға жуық адам еріксіз қамауда отыр. Оларға басқа елдімекендерге баруға тыйым салынған. Ухань қаласынан шыққан жаңа вирус әлемнің 17 жеріне тарап үлгерді. Қазірге дейін Қытайдан тысқары жерде 70 адамның осы ауруды жұқтырғаны расталды.  

АҚШ, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия секілді елдер Уханьннан азаматтарын көшіруге кірісті.  

Індет ошағына айналған Ухань ауруханаларында ең алғашқы дәрігерлік көмек құралдарының өзі жетіспеуде. Тіпті қарапайым бетперде, дәрілердің өзі тапшы дүниеге айналған.

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»