Қытайда тауық етінен Covid-19 анықталды

Тауық етіндегі вирусты денсаулық сақтау қызметкерлері тест өткізу барысында анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Содан кейін мамандар өнімді ұстаған адамдарды да тексерістен өткізді. Бірақ олардың ешқайсысы ауруға шалдықпаған.

Ал сатылған ет дер уақытында табылып, зарарсыздандырылды.

Бұған дейін Қытайдың басқа қаласында Эквадордан әкелінген асшаяннан қауіпті инфекция табылған еді. Осыған байланысты қазір елдің кеден қызметі барлық азық-түлік өнімдерінен, әсіресе теңіз өнімдері мен етті арнайы тексерістен өткізіп жатыр.

Ескере кететін жайт, шілде айынан бері Қытайдың жеті қаласында өнім қабынан Covid-19 анықталған болатын. Кей сарапшылардың пікірінше, азық-түлік өнімдерін салқын жерде сақтау вирустың ұзақ тіршілік етуіне септігін тигізетін көрінеді.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған