Қытайда тағы жер сілкінді

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 595 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді, деп хабарлады  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы Сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Зілзала 19 қаңтар күні Алматы уақытымен 6 сағат 04 минут 34 секундта тіркелді. Жерасты дүмпуінің энергетикалық класы – 10.1 Магнитудасы - 4.1», - делінген хабарламада.

Қазақстанның Сейсмикалық стансалар желісі Қытайдағы жер сілкінісін бір аптаның ішінде осымен екінші мәрте тіркеп тұр. 17 қаңтар күні 22.05. уақытта Қытайда жер сілкінген.