Қытайда тағы да құс тұмауы тіркелді
Сычуань провинциясындағы құс фермасында жоғары патогенді H5N6 құс тұмауы пайда болған. Бұл туралы 10 ақпанда Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Алматы, NEGE. Жоғары патогенді құс тұмауы Наньчун қалалық округінде орналасқан фермада басталған. Фермадағы 2 497 үй құсының 1 840-ы ауру жұқтырып, қырылып қалған.
Індет тарап кетпеуі үшін 2 мың 200-ден астам үй құсы өлтірілген.
Бұған дейін қаңтар айында Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 құс тұмауы бұрқ еткен еді. Бұл провинция коронавирустың орталығына айналған Хубэй провинциясына көрші орналасқан.