Қытайда су тасқынынан 15 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстігінде су тасыды. Тасқын кезінде 15 адам опат болған.

Алматы, NEGE. Сегізі Фуцзянь провинциясында лай көшкінінен опырылып түскен ғимараттың астында қалып, көз жұмса, бесеуі Юньнань провинциясында бақилық болды. Ал Гуйчжоуда тілсіз жау 2 баланың өмірін қиды. Бұдан бөлек аймақта жолдарды су шайып, электр желілері үзілген. Ондаған көлік су астында қалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді