Қытайда мектеп оқушыларына маска тақпауға рұқсат берілді

Қытайда мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне маска тақпауға рұқсат берді. Бұл ереже Қытайдың эпидемиологиялық қауіп дәрежесі төмен аймақтарында орналасқан бастауыш және орта мектептер, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қатысты.

Алматы, NEGE. Мұндай ұсынысты ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша Мемлекеттік комитет және ҚХР Білім министрлігі жасады. Мектептер мен балабақшаларда, яслиде жұмыс процесін ұйымдастыруға әрқайсында жеке тәртіп орнатылған. Бастауыш және орта мектеп мұғалімдеріне де сабақты маскасыз өткізуге рұқсат етілді. Мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне арналған жұмыс барысын ұйымдастыру тәртібі қаталдау.

Өткен тәулікте (2020 жылдың 8 мамыры, сағат 24:00 бойынша) құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырған бір ғана адам анықталды, өлім жағдайы тіркелмеді, деп хабарлайды ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша Мемлекеттік комитеті. Құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырған адамдардың жалпы саны – 82 887, емделіп шыққандар – 78 046. Өкінішке қарай, дерттен 4633 адам өмірден өтті.

Қазір оқып жатыр

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды