Қытайда ковид жұқтырғандар саны көбейіп барады
Кейінгі бір аптада 63 мың адам коронавируспен ауруханаға түскен, деп хабарлады 24.kz.
Алматы, NEGE. Науқастардың саны алдындағы жұмамен салыстырғанда, 70%-ға көп. Олардың дені қарттар. Эпидахуал нашарлаған соң 30-дан аса мемлекет Қытайдан келгендер үшін ережелерді қатаңдатқан. Енді елде Жаңа жыл атап өтіледі. Осыған байланысты ары-бері қатынайтындар қатары артады. Салдарынан мамандар ауылдық жерлерде вирустың өршитінін болжап отыр. Себебі, онда медицина әлсіз. Оның үстіне шалғайда тұратындардың дені осал топқа жататын егде жастағы кісілер көрінеді.