Қытайда короновирус өршіп жатыр

Қытайда кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясының 25 165 жағдайы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыға қарағанда төрт пайызға жоғары. Мұндай мәліметті ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті жариялады.

Алматы, NEGE.Вирус жұқтырғандардың көбінде, 23 815 адамда ауру белгілері жоқ. 1 350 адамда жөтел және әлсіздік бар.

Бір апта ішінде Қытайда симптомсыз вирус тасымалдаушылар саны 2,7 есе, 174 мыңға дейін өсті.

Шанхайда және Цзилинь провинциясы (Қытайдың солтүстік-шығысында) коронавирус ошағы болып отыр, вирус жұқтырғандардың 94 пайызы осында.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қытайда 1,5 миллионнан аса адам ауырып, 13,2 мыңнан аса науқас қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті