Қытайда коронавирустың таралуы тоқтатылды: Си Цзиньпин Уханьда жүр

10 наурызда Си Цзиньпин Ухань қаласына індет басталғаннан бері алғаш рет келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы. NEGE.  Қытай басшысы осында он күнде апаттық жағдайда салынған жұқпалы аурулар ауруханасында болып, кейбір науқастармен және дәрігерлермен видеобайланысқа шықты, сондай-ақ қала тұрғындарымен кездесті.

- Коронавирустың таралуы іс жүзінде тоқтатылды, - деді Си Цзиньпин. 

Euronews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осыдан біраз уақыт бұрын Ұлттық денсаулық сақтау министрлігі Қытайда өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 19 дерегі тіркелгенін хабарлады. Салыстырмалы түрде Италияны алатын болсақ, онда бір күнде 1800 инфекция жұқтырған.

Қаңтардың аяғында Хубэй провинциясы толығымен оқшауланды. 10 наурыздан бастап инфекцияны мүлде жұқтырмаған және жұқтырғандармен тығыз байланыста болмаған адамдарға еркін жүруге рұқсат етіледі, онда да өз өңірі айналысында ғана. Бірақ мұндай рұқсат Ухань тұрғындарына берілмейтіні де нақты көрсетілген.

Бүгінде Қытайда коронавируспен ауыратын 80,5 мыңнан астам науқас бар. Үш мыңнан астамы қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді