Қытайда коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 млн дозасы салынды

Қытайда 31 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 24 миллионнан астам дозасы салынды. Бұл туралы жексенбіде ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің COVID-19 алдын алу және бақылау саласындағы бірлескен тетігі аясында өткен брифингте вирустық ауруларды бақылау және алдын алу институтының директоры Сюй Вэньбо мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Сюй Вэньбоның айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айының ортасынан бастап Қытайда халықтың негізгі топтары арасында коронавирусқа қарсы вакциналау жүріп жатыр.

«Қазіргі уақытта ел ішіндегі егу пункттерінде тіркелген инъекциялардың жалпы саны 24 миллион дозадан асты», – деді ол.

Сонымен бірге, Қытай эпидемиологы жаңа COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаға кері әсерлер жиілігі тұмауға қарсы вакцинадан аспайтынын атап өтті. Жалпыұлттық ауқымда елеулі кері әсерлер туралы хабарламалар саны 2019 жылмен салыстырғанда азайған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр