Қытайда коронавирус құрбандары 2345-ке жетті

Қытайдағы коронавирус құрбандарының саны 2345-ке дейін артты, ал 20 659 адам жазылып шыққан, деп хабарлайды Қытайдың денсаулық сақтау бойынша мемлекеттік комитеті.

Алматы, NEGE. Бір тәулікте 109 өлім тіркеліп, 2393 адам ауруханадан шығарылған. ҚХР-да жаңа типті коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 75 891 адамды құрады. Қытай билігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 31 провинцияда 53 284 адам ауруды жұқтырған, олардың 11,4 мыңы ауыр деп бағаланады. Өлім-жітімнің ең көп саны Хубей провинциясында. Жалпы алғанда, өткен жылдың желтоқсан айында коронавирустың індеті тіркелген провинцияда 63,4 мың адам тізімге енген. 1,7 мыңнан астам науқас сауығып, ауруханалардан шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр