Қытайда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Қытайдың астанасында Қазақстанның туристік әлеуеті бойынша Роуд-шоу өтті.

Алматы, NEGE. Роуд-шоуды Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолғабысымен Астана мен Шымкент қалаларының туризм басқармалары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Елшіліктің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев өзінің ашылу сөзінде екі елдің халықтары үшін байланыстырушы буын болған ежелгі «Жібек жолы» заманынан бері қалыптасқан Қазақстан мен Қытайдың тарихи байланысын атап өтті. Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі саясаты мен жетістіктерін таныстырып, қытайлық туристерді Қазақстанға тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

Қытай туристік қызметтер қауымдастығының Президенті Ду Сяньчжун өз сөзінде Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы табиғи көпір бола отырып, орасан зор туристік әлеуеті мен таң қалдыратын көрістері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, өзара визасыз режим екі елдің туристік іс-қимылына және туристік ағындардың ұлғаюына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Роуд-шоу аясында «B2B» кездесулері ұйымдастырылды, оның барысында жергілікті туристік қоғамдастықтың қазақстандық туроператорлармен және әуекомпаниялармен келіссөздері өтті.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты