Қытайда індет өршіп жатыр

Дүйсенбіде Қытайдың Аньхой провинциясында 300 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Осыған байланысты билік өңірде тұратын бір миллион 700 мың адамға карантин тәртібін жариялады.  Сусиан және Линьбэй аудандарында тұратын адамдарға үйден шығуға тыйым салынды. Олар тек тест тапсыру үшін сыртқа шыға алады. Елде індеттің өршуіне байланысты Қытай үкіметі ковидке қарсы қатаң шаралар қабылдады. Вирус тіркелген аймақтарда халық жаппай тест тапсырып, оқшауланады. Алайда бұл шаралар ел экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті