Қытайда халық саны 1,41 млрд адамнан асты

ұрлықтық Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жетті.

Алматы, NEGE. «Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020 жылы көбеюін жалғастырды» делінген таратылған баяндамада. Қала тұрғындарының үлесі 901,99 млн адамға жетіп, ел тұрғындарының жалпы санының 63,89 пайызын құрады.

Елде 60 жас және одан асқандар үлесі 18,7 пайызды құрады, бұл 2010 жылы өткен халық санағындағы көрсеткіштен 5.44 пайыз жоғары.

Ер адамдардың әйелдерге арақатынасы 105,07:100 құраған. Қытайдағы 7-ші жалпыұлттық халық санағына сәйкес, соңғы онжылдықта ел тұрғындарының саны орташа есеппен алғанда жылына 0,53 пайызға артып келеді. Еске сала кетсек, Қытайда жетінші халық санағы 2020 жылдың қараша айында басталды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде