Қытайда енді құс тұмауы бас көтерді

Коронавирус тараған Хубэй провинциясымен көрші  Хунань провинциясындағы құс фермасынан H5N1 вирусы шықты. Бұл туралы Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. Құс тұмауы Шаоян қаласының Шуанцин ауданында пайда болған. Фермадығ 7,85 мың тауықтың 4,5 мыңы жұқтырған аурудан қырылып қалған. Індеттің тарап кетпеуін болдырмау мақсатында жергілікті билік фермадағы 17 мыңнан астам тауықтың көзін құрту туралы шешім қабылдаған. Әзірге құс тұмауының адамға жұққаны туралы дерек тіркелмеген.

 

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін