Қытайда екі миллиардтан аса екпе салынды

Қытайда коронавирусқа қарсы екі миллиардтан аса екпе салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Алматы, NEGE. 890 миллион адам толық вакциналанған. Яғни екпенің екі дозасын да қабылдаған.

Елде негізінен «Синофарм» және «Синовак» компаниялары шығарған инактивті вакциналар қолданылып келеді.

Тамыз айынан бастап 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға екпе салынып жатыр.

Оқу жылы басталар алдында билік өкілдері мұғалімдер мен оқушыларға вакцина алуға нұсқау берді.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша, вакциналаудың қазіргі қарқынымен жылдың аяғына дейін 80 проценттік ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді