Қытайда Baidu компаниясы рөлі жоқ жаңа көлік шығады

Ірі қытайлық Baidu IT-компаниясы шығарған ерекше робот-көлік 200 мың юаньға бағаланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Заманауи жүйемен және 12 бейнекамерамен жабдықталған темір тұлпардың өзгелерден ерекшелігі рөлінің жоқтығында. Автокөліктің шанағы ((кузов)) да көптің көңілінен шығып отыр. Ал оны тізгіндеген адам көлікті дауысымен басқара алады. Baidu компаниясының бөлімшесі Jidu Auto осы үлгідегі көлікті келесі жылдан бастап сатылымға шығармақ. Бағасы шамамен 200 мың юань деп бағаланып отыр. Бұл 13 млн теңге төңірегінде.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ