18 сентября 2022 г. 18:00

Қытайда автобус апатынан 27 адам қаза тапты

Фото:
Оқиға

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орын алған.

Алматы, NEGE. Гуйчжоу провинциясында жоғары жылдамдық рұқсат етілген тас жолда жолаушылар автобусы аударылып, 27 адам қаза тапты деп жазды ҚазАқпарат.

Тағы 20 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Апатқа ұшыраған автобуста 47 адам болған. Жол апатының себептері туралы әзірге мәлімет жоқ.

 

Тегтер: