Қытайда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар бар ма?

Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылары арасында қазақстандықтар болмады.

Алматы, NEGE."Алдын ала мәлімет бойынша, бұл ұшақтың жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында China Eastern Airlines әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі шыққан жоқ.

Апаттан кейін басталған орман өрті сөндірілді. Ұшақ апатынан кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинге және Қытай халқына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді