Қытайда 5 балдық жер сілкінісі болды

Қытайда жер сілкінісі тіркеліп, қаза тапқандар бар.

Алматы, NEGE. Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағының Аксу округіндегі Байчэн уезінде болған жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, ондаған үй қиралды.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 13:30-да Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағының Аксу округіндегі Байчэн уезінде жер сілкінісі салдарынан үш адам қаза тауып, 65 үй бүлінді, олардың 16-сының шатыры қирады.

Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, зілзала сәрсенбі күні таңертең, Бейжің уақытымен сағат 05:14-те болған. Жер сілкінісінің қуаттылығы – 5,4 балл. Ошағы 10 шақырым тереңдікте жатты. Бірінші жер сілкінісінен кейін қытайлық сейсмологтар тағы 10 жерасты дүмпуін тіркеген.

Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

Өскемендегі «Казцинк» зауыты аумағындағы жарылыс: 4 адам ауруханаға жеткізілді

Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды

Жаңбырдан кейін су басқан Алматы әуежайына айыппұл салынды