Қытайда 2 кеме соқтығысты

Шанхай билігі Янцзы сағасында танкер мен құрғақ жүк таситын кеме соқтығысып, сегіз адам қаза тауып, тағы алты адам із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлім етті. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Алматы, NEGE. 3000 тонна жанармай тиеген танкер бейсенбі күні 03:39-да құм мен қиыршық тас тасымалдап бара жатқан кемемен соқтығысқан. Апат салдарынан танкердің палубасы өртеніп, құрғақ жүк таситын кеме суға батып кеткен. Құтқарушылар үш адамды аман алып қалды. Танкердегі өрт бақылауға алынып, құтқарушылар сенбі күні таңертең сегіз адамның мәйітін тапты. Жоғалып кеткендерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу-құтқару жұмыстарына 15 кеме мен екі ұшақ жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты