Қытай жүк тасымалдайтын кемесін ғарышқа ұшырды

Қытай бүгін таңертең жүк таситын «Тяньчжоу-5» ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлайды   Синьхуа агенттігі.

Алматы, NEGE. Бұл кеме ғарыш стансасының құрылысына қажет жүкті жеткізеді. Оның міндеті – стансаны жабдықтау.

Бұл жолы кемеде стансаның орбитасына керек жанармай және сәл кейінірек, 2022 жылдың желтоқсанында ұшатын Шэньчжоу-15 басқарылатын ғарыш кемесі экипажын қамтамасыз етуге қажет материалдар бар. Айта кетейік, ғарыш стансасының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

«Тяньчжоу-5» ғарыш кемесі бортына тиелген CZ-7 Y6 /Long March-7 Y6 зымырантасығышы Хайнань арал-провинциясының оңтүстік-қытай жағалауында орналасқан Вэньчан космодромынан ұшырылды. Бұл жайында Қытай ғарыш бағдарламасы кеңсесінің мәліметінен белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті