Қытай Жапонияны көздеп бес зымыран атты

Қытай әскері Жапонияға қарасты Хатерума аралына 5 баллистикалық зымыран атты, деп хабарлайды "Хабар-24".

Алматы, NEGE. Жалпы Қытай 9 зымыран атқылаған. Олар 350 шақырымнан 700 шақырымға дейін жеткен. Зымырандардың төртеуі Тайвань жерін көктей өтіп, бесеуі Жапонияның айрықша экономикалық аймағына түсті.

Күншығыс елінің Сыртқы істер министрі Иосимаса Хайаси Қытайдан Тайвань маңында оқ атқылап жатқан әскери оқу-жаттығуды дереу тоқтатуды талап етті. Сондай-ақ жапон үкіметі Қытай билігіне қарсы дипломатиялық арыз түсірді. Айта кетейік, Тайваньға АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси келгеннен бастап, аймақтағы жағдай қатты ушығып тұр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті