Қытай ұялы байланысқа арналған жаңа жерсерігін ұшырды

Озық қондырғыны көрші елдің ғарыштық технология академиясы жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жаңа құрал ұялы байланыс арқылы дауыс, қысқа хаттар мен өзге де мәліметтерді кез келген ауа райы мен барлық уақыт жағдайында жіберуге мүмкіндік бермек. Аталған жерсеріктің қызметін қытайлардан бөлек, Таяу Шығыс, Африка, Үнді және Тынық мұхиты бойындағы елдер де пайдалана алады. Жергілікті мамандардың айтуынша, биыл ғарышқа тағы 21 зымыран ұшыру жоспарланған.

Чжан Сюэ-Юй, жерсеріктерді ұшыру орталығының директоры:

Бұл – ғарышқа қатысты жобаларымыздың биылғы алғашқы миссиясы. Сондай-ақ адаммен басқарылатын 3 ғарыштық жобаны іске асырмақпыз. Біз бұл миссияларды үлкен күрес деп қабылдаймыз. Сондықтан оларды ғылыми жағынан тыңғылықты жоспарлап, қатаң ережеге сай жүргіземіз.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады