«Қытай Тайваньға басып кіруге дайындалып жатыр» – БАҚ

Қытай басшысы Си Цзиньпин елдің қарулы күштерін "әскери емес" мақсатта пайдалану жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Radio Free Asia.

Алматы, NEGE. Басылымның жазуынша,  Бейжің «арнайы операция» деген желеумен Тайваньға басып кіруі ғажап емес. Қытай басшысының жарлығы бүгін, 15 маусымда күшіне енді.

«Синьхуа» агенттігінің жазуынша, құжат «ұлттық егемендікті қолдау, аймақтағы тұрақтылық, бейбіт әскери операция жүргізу» секілді алты бөлімнен тұрады.

Жуырда Украина президенті Владимир Зеленский «Шангри-Ла диалогы» қауіпсіздік жөніндегі форумда сөйлеген сөзінде Тайваньдағы жағдайды қан төгуге әкелмей, дипломатиялық жолмен шешуге шақырған еді.

Тайван ешқашан Қытай Халықтық Республика құрамына кірген емес. Бірақ Бейжің Тайваньды өз аумағының бір бөлігі деп есептейді. 

Батыс елдері мен Жапония Қытай Ресейдің Украинаға басып кіру сценарийін қайталауы мүмкін деп қауіптенеді.

Дерек көзі: sn.kz

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі