Қытай шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салмақ

28 наурыздан бастап Қытай шетелдіктерге елге кіруге тыйым салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Қытайлық тарап тұруға ықтиярхат және визасы бар шетелдік азаматтар үшін елге кіруге уақытша тыйым салу шешімін қабылдады. Аталған шара 2020 жылдың 28 наурызынан енгізілуде», - делінген ҚХР мемлекеттік көші қон басқармасының хабарламасында.

Қытайда коронавирус індетінің таралуына жол бермеу аясында халықаралық жолаушылар рейстерінің ұшып-қону санын азайту шешімі қабылданды.

2020 жылғы 29 наурызда сағат 00:00-ден бастап әрбір қытайлық және шетелдік әуе компаниясы Қытайға немесе Қытайдан аптасына бір рейс қана ұшыра алады.

Қазір оқып жатыр

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды

Ресейде жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары ұсталды

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді