Қытай Пелосиге қарсы санкция салады

Қытай жақында Тайванға сапарлай барған АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси мен оның жақын туыстарына қарсы санкциялар салады. Бұл турады ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Алматы, NEGE. 2 тамызда АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайванға барған еді. Ол аралға неліктен келгенін Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу барысында айтты. Кездесу жабық түрде өтті.

Қытай АҚШ-тың бұл қадамын айыптады. ҚХР-дың СІМ Пелосидің сапарына байланысты "сұрапыл" шаралар қабылданатынын жариялап, АҚШ-тың Қытайдағы елшісіне ескерту жасады. Ресми Бейжің спикердің Тайванға баруы "Бір Қытай" қағидатын және қытай-америкалық коммюникесінің ережелерін бұзып отырғанын мәлім етті.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті