Қытай орбитадағы жаңа стансасына алғашқы экипажын ұшырды

Қытай алғашқы экипажын Жер орбитасындағы жаңа стансасына ұшырды. "Шэньчжоу-12" ғарыш кемесі "Чанчжэн-2F" зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды,

 деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Кеме елдің солтүстігіндегі Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды.

Ғарыш кемесінде үш адам бар. Олар орбитада үш ай болады.

Экипаж құрамында 56 жастағы Не Хайшэн, 54 жастағы Лю Бомин және 45 жастағы Тан Хунбо бар. Хайшэн бұған дейін екі мәрте ғарышқа ұшса, Бомин ғарышта бір рет болған. Хунбо алғаш рет ғарышқа көтерілді.

Олар ашық ғарышқа екі рет шығып, станция жұмысын тексереді және робот манипуляторды сынақтан өткізеді.

Қытайдың жаңа "Тяньгун" ("Аспандағы сарай") ғарыш стансасы орбитаға биыл сәуірде шығарылды. Онда үш адам өмір сүретін орын бар. Стансаға екі жылда екі зертхана қосылады. Сол кезде стансаның жалпы салмағы жүз тонна болады.

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады