Қытай Марстан түсірілген фотосуреттер мен видеоны жариялады

Қытай ұлттық ғарыш агенттігі Марстан түсірілген суреттер мен бейнежазбаларды жариялады.

Алматы, NEGE. Алты дөңгелегі бар «Чжужун» Күн сәулелерінен қуаттанатын батареялармен жұмыс істейді. Ол ежелгі қытай аңызындағы От құдайының есімімен аталған. Бұл қытай тіліндегі Марстың Отты ғаламшар деген атауымен үйлесіп тұр. Үш ай бойы жұмыс істейтін «Чжужун» Қызыл ғаламшардың бет қыртысының үш өлшемді кескіндерін түсіріп, құрылымы мен магнит өрісін зерттейді. Сондай-ақ айналасындағы ауа райын бақылап, мұздан қалған таңбаларды іздейді. Ол өз бетімен жолдағы бөгеттерді танып, олардан бұғып өте алады.

Сондай-ақ биіктігі 30 сантиметрге жететін кедергілерді асып өтеді және 20 градустық баурайларға көтерілу мүмкіндігі бар. Алты дөңгелегінің әрқайсысы кез келген бағытта бұрылады. Еске салып кетсек, «Чжужун» деп аталатын аппарат 22 мамырда Марс бетіне түсіп, Қызыл ғаламшарды зерттей бастады. Осылайша Қытай АҚШ-тан кейін осы аспан денесінде өз роверін жүргізген әлемдегі екінші ел атанды. Кезінде Кеңес Одағы өз аппаратын Марсқа қондырғанымен 14 жарым секундтан кейін онымен байланыс үзіліп қалған еді.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады