Қытай Күн құпияларын ашу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды

Қытай жексенбі күні Цзюцюань ғарыш айлағынан күн сәулесін зерттеу үшін ғарышта орналасатын ASO-S обсерваториясын сәтті ұшырды. Бұл ұшырылым Күн құпияларын ашу жолындағы Қытайдың жаңа кезеңін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана, NEGE. Күнді зерттеуге арналған жаңа спутник Бейжің уақытымен сағат 07:43-те Long March-2D «Чанчжэн-2G» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылды және белгіленген орбитаға сәтті шықты.

Ғарышта орналастыруға арналған аталған обсерватория негізінен Күн жарқырауы, короналды масса шығарындылары және Күннің магнит өрісі арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды зерттеу үшін, сондай-ақ ғарыштағы ауа райын болжауға қажетті деректерді алу үшін пайдаланылады.

Бұл ұшырылым «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштар үшін 442-ұшырылым болды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті